Әкімдік: Су басқан Қаратал ауылы тұрғындары мектептен үйіне қайтып жатыр

Сурет: ogeo.info
Жергілікті атқарушы органдар Ақтөбе облысы Қаратал ауылындағы мектепке тұрғындарды көшіру, сонымен бірге шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір әкімі Ералы Тоғжанов Қаратал ауылында барды. Ол халықпен кездескенде тұрғындарды дүрбелең туғызбай, сабырлық танытуға шақырып, қажетті шараның бәрі қабылданып жатқанына сендірді.

Су тасқынынан екі үйді, 12 аула аумағын су басты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Халыққа төнген қауіп жоқ, мектепке көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр.

Зардап шеккеннің бәріне көмек беріледі.

Еске салайық, бүгін тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, үйіндіні су шайды. Ауылды су басты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды