Путин мен Байденнің бейнебайланыс арқылы келіссөздері басталды

Сурет: РФ Президентінің баспасөз қызметі
Президенттердің қазіргі пікіралмасуы — Байден қызметке кіріскен сәттен бастап бесіншісі. Бұған дейін Путин мен Байден үш рет телефон арқылы сөйлесіп, 16 маусымда Женевада кездесу өткізген болатын

Владимир Путин мен Джо Байденнің бейнебайланыс арқылы келіссөздері басталды. Путин Сочидегі резиденциясынан, ал Байден Вашингтоннан байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көшбасшылар әңгімесіне киберқауіпсіздік, стратегиялық тұрақтылық және өңірлік проблемалар, атап айтқанда Украинадағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Ливия мен Сириядағы ахуал арқау. Сондай-ақ, президенттер Ресей-Америка қарым-қатынастарының жай-күйін талқылауға ниетті, деп хабарлайды ТАСС .

Президенттердің қазіргі пікіралмасуы — Байден қызметке кіріскен сәттен бастап бесіншісі. Бұған дейін Путин мен Байден үш рет телефон арқылы сөйлесіп, 16 маусымда Женевада кездесу өткізген болатын.

Бұған дейін көшбасшылардың келіссөздері баспасөз үшін жабық режимде өтеді деп хабарланған болатын.

Сөз алмасу арадағы қарама-қайшылықтардың күшеюі аясында қолға алынды: Батыс Мәскеуді Украинаға "басқыншылықты" жоспарлады деп айыптайды және жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Ресей өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарады.

Ресей
АҚШ
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі