АҚШ президенті Джо Байден Америка билігінің әлем бойынша демократияны қолдауға жұмсайтын шығындарын еселей түсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұны Байден Вашингтон ұйымдастырған «Демократия саммитінде» айтты.
Негізгі бес бағыт бар: тәуелсіз БАҚ-ты қолдау, жемқорлықпен күресетіндер мен демократиялық реформа жүргізіп жатқандарды қолдау, «демократияға әкелетін технологияларды» енгізу, сондай-ақ, «әділ және еркін сайлау, саяси үрдістерді қолдау».
Бұған дейін Джо Байден авторитарлық мемлекеттердің өзге елдерге қысым жасау арқылы өз билігін күшейтуге тырысатынын мәлім еткен. Оның ойынша, автократиялар өзінің репрессиялау тәжірибесін қазіргі заманның мәселелерін шешудің «тиімді» әдісі деп ақтауға ұмтылуда.
АҚШ «демократиялық саммитке» 110 елді шақырды, оған әрине, Ресей мен Қытайды шақырмады.
Мәскеу мен Пекин ойбайға басып, бұл саммиті сынап үлгерді, мәселен, РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова басқа не айтарын білмей, "бұл саммит БҰҰ-нің рөліне нұқсан келтіреді", деген мәлімдеме жасады.
Саммит видеоконференция режимінде 9-10 желтоқсанда өтеді.