Елизавета патшайымның ұлы зорлау ісіне қатысты сотта ымыраға келді

Сурет: pixabay
Жаңа сот шешіміне сәйкес, ханзада Эндрю Робертс-Джуффраға белгілі бір көлемде ақша төлейтін болды, нақты сомасы жария етілмейді. Ұлыбритания патшайымының ұлы жәбірленушінің құқығын қолдау үшін қайырымдылық жасауға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің ұлы ханзада Эндрю өзін зорлады деп айыптаған Вирджиния Робертс-Джуффраға қатысты сотта ымыраға келді, деп хабарлайды New York Times.

Вирджиния Робертс-Джуффра 17 жасында, яғни 2001 жылы Эндрюдің досы Джеффри Эпштейн өзін үш рет ханзадамен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр етті деп мәлімдеді.

Жаңа сот шешіміне сәйкес, патшайым Елизавета II-нің ұлы Робертс-Джуффраға белгілі бір көлемде ақша төлейтін болды, оның нақты сомасы жария етілмейді.

Эндрю жәбірленушінің құқықтарын қолдау үшін қайырымдылық жасауға ниетті екендігі де айтылады.

Бұрын хабарланғандай, Эндрюге бұдан былай "Ұлы мәртебелі" деп қошемет көрсетілмейтін болды.

Ұлыбритания патшайымының бұл шешімі оның ресми түрде сарай өмірінен шеттетілетінін білдіреді. Ханзада Эндрюдің барлық басқа функциясы патша отбасының басқа мүшелеріне тапсырылады.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды