Ұлыбритания ресейлік бес банкке санкция салатын болды

Сурет: Instargam/borisjohnsonuk
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон британдық шектеулерге ұшырайтын банктер тізімін атады. Олар - "Россия", "Промсвязьбанк", "Индустриальный сберегательный банк", "Генбанк" және "Черноморский банк развития", деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, санкция тырнағына Ресейде және шетелде танымал үш кәсіпкер - Геннадий Тимченко, Борис және Игорь Ротенбергтер де ілініп отыр.

Олардың Ұлыбританиядағы кез-келген активтері бұғатталады, бұл жаққа келулеріне тыйым салынады және біз барлық британдық компаниялар мен тұлғаларға олармен жұмыс істеуге тыйым саламыз. Борис Джонсон

Джонсон ДХР мен ЛХР территориясында Ресейдің әскери күштері бар және бұл "басқыншылық" деп санайды.

Ресей президенті өз-өзін республика деп жариялаған Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін тану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол 21 ақпанда жасаған үндеуінде мәлімдеді.

Әлемдік саясаткерлер Ресейдің Донецк пен Луганск халық республикаларын тануына қатысты бірден реакция білдірді.

Ресей
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін