Ер адам әйелін өлтіріп, кішкентай балаларын қылмысқа көмектесуге мәжбүрлеген
Фото: pexels
Fox News басылымының жазуынша, 44 жастағы Джонатан Г. Хьюстон қыздарының бірі қонақүйден 911 нөміріне қоңырау шалып, диспетчерге сыбырлап әкесінің өзін және алты бауырын "ұрлап әкеткенін", сондай-ақ олардың жылдар бойы физикалық зорлық-зомбылық көргенін айтқаннан кейін ұсталды.
Полиция хабарламаға жедел әрекет етіп, 4 қазанда Кингдом-Сити қаласындағы Baymont Inn & Suites қонақүйінен балаларды тапты.
Балалардың бірі полицейлерге осыдан 10 ай бұрын әкесі олардың көзінше 37 жастағы анасы Ауника С. Хьюстонды тұншықтырып өлтіргенін айтты. Шабуыл кезінде Хьюстон әйелінің тамағынан қысып, балалардың бірін анасының аяғына ыстық су құюға, ал екіншісін айқайын естіртпеу үшін аузын жабуға мәжбүрлеген.
Сот құжаттарына сәйкес, Хьюстон үш кіші баласын жуынатын бөлмеге қамап, анасының айқайын естімеуі үшін оларға музыканы қатты қосуды бұйырған. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам әйелінің денесін қоқыс салатын қапқа салып, қонақүй аумағындағы қоқыс контейнеріне тастаған.
Тергеушілердің мәліметінше, Хьюстон бұл қылмысты алдын ала жоспарлаған. Оның балалары қамқоршылыққа алынған.
Бұған дейін АҚШ-тағы мұғалімнің оқушыға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыпталғаны туралы жазған едік.