Никарагуаның көрнекті оппозициялық саясаткері, экс-президент Виолет Барриос де Чаморроның қызы Кристиан Чаморро ақшаны жылыстату және ұрлау айыптары бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Чаморро 2021 жылдың қарашасында Никарагуадағы президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірді, бірақ дауыс беру күніне бірнеше ай қалғанда ұсталып, Cenidh үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының мәліметтері бойынша, үй қамақта болды.
Орталық америкалық мемлекетте дауыс беру нәтижесі бойынша 75 жастағы Даниэль Ортега төртінші мерзімге қайта сайланды.
Сайлау алдында билік президент лауазымынан үміткер жеті тұлға мен 39 оппозиционерді ұстады.
Олардың кейбірі түрмеге тоғытылды, оның ішінде Чаморроның ағасы Педро Хоакин (тоғыз жылға), оның жүргізушісі (жеті жылға) және саясаткер 20 жыл басқарған қордың бұрынғы екі қызметкері (әрқайсысы 13 жылдан алды) де бар.
Үкіметтік емес ұйым баспасөз бостандығы мәселелерімен айналысып келді, әрі 2021 жылдың қаңтарында өз жұмысын тоқтатты.