Жан-Клод Ван Дамм Африка елінің дипломаты болды

Сурет: Twitter/JCVD
Ван Дамм әріптестері Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер және Джеки Чанды, сондай-ақ басқа да шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарын Конго демократиялық республикасына баруға көндіруге тырысамын деп уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

тегі бельгиялық Америка актері Жан-Клод Ван Дамм Конго демократиялық республикасының дипломатиялық төлқұжатын алды, деп жазды Lenta.ru.

Оның елші ретіндегі міндеті қоршаған орта мен жануарлар әлемін қолдау, сондай-ақ шетелден инвестиция тарту, елдің ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ету болмақ.

Елге ең алдымен тұрақтылық керек екенін түсіндім. Әзірге саяси жағын қозғамаймын. Президент пен оның айналасындағылардан көптеген ақпарат алып үлгердім. Жан-Клод Ван Дамм

Ван Дамм өзінің әріптестері Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер және Джеки Чанды, сондай-ақ шоу-бизнес және спорт жұлдыздарын Конгоға баруға көндіруге тырысамын деп уәде берді, осылайша олар мұндай сапарлардың қауіпсіз екеніне көз жеткізеді.

1960 жылға дейін Конго демократиялық республикасы Бельгияның отары болып келді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды