Еурокомиссия Еуроодақ елдеріне Ресейге қарсы мұнай эмбаргосының жобасын жіберді

Ресей Федерациясынан шығатын мұнайға салынатын эмбарго алты айдан сегіз айға дейін біртіндеп енгізіледі. Венгрия мен Словакия оған кірмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еурокомиссия Еуроодақ елдеріне мұнай эмбаргосын қоса алғанда, Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетінің жобасын ұсынды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Еурокомиссия 4 мамыр, сәрсенбіге қараған түні Ресей мұнайының импортына алты айдан сегіз айға дейін кезең-кезеңімен тыйым салуды көздейтін құжат жіберді.

Ресей мұнайына аса тәуелді Венгрия мен Словакия құжатқа енгізілмеген. ЕО ресми өкілінің айтуынша, импорт 2023 жылдың соңына дейін рұқсат етіледі.

Еуропалық дипломаттардың пікірінше, Еурокомиссияның ұсынысы жаңа дау тудыруы мүмкін: Чехия мен Болгария да экономикалары Ресей мұнайына қатты тәуелді екенін алға тартып отыр.

Негізгі элементі мұнай эмбаргосы болған Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін Еуроодақ елдері 4 мамырда қарастыруы тиіс.

Оны қабылдау ЕО-ның барлық 27 мемлекетінің бірауыздан шешімін талап етеді, бірақ Венгрия оның жеткізу жағынан шектеу болса, мұнай эмбаргосына вето қоятынын жеткізді.

Будапешттің мәліметінше, Венгрия өзіне қажет мұнайдың 65 пайызын «Дружба» құбыры арқылы алады.

Ресей Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: