Жауапкершілігі бар мемлекет ретінде біз әрқашан кез келген адамның денсаулығы мен өмірінің мүддесі үшін әрекет етеміз. Тиісінше кез келген басқа тұтқын сияқты ықтимал асқынулардың алдын алу үшін Михаил Саакашвилиді «Вивамед» клиникасына апару ұсынылды, онда ол тексеріліп, емделеді, – деп жазды ТАСС Брегадзенің сөзіне сілтеме жасап.
Грузия Әділет министрлігінің басшысы түсіндіргендей, мұндай шешім Саакашвилидің түрмеде емделуден ішінара бас тартуы және тамақты талғап ішуіне байланысты қабылданған.
Саакашвили 1 қазанда ұсталды. Ол шеруге қатысу үшін сегіз жыл қуғында болғаннан кейін Грузияға оралды. Үйінде саясаткер алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Алғаш рет ол тұтқындалғаннан кейін 50 күнге аштық жариялады.
2013 жылы Грузияның экс-президентіне қарсы төрт қылмыстық іс қозғалды. Оның екеуі бойынша саясаткер сырттай үш және алты жылға бас бостандығынан айырылған. 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозиция митингісін тарату, грузиндік «Имеди» телекомпаниясының кеңсесін қирату және шамамен 9 миллион лари (1 миллиард теңгеден астам) көлеміндегі мемлекет қаржысын жымқыруға қатысты істер қаралып жатыр. Өткен жылдың 20 қазанында Саакашвилиге шекараны заңсыз өтті деген айып тағылды, бұл жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.