Канада мен Дания 49 жылдық жер дауына нүкте қойды

Сурет: pixabay
Аралдың кімге тиесілі екенін шешу сәтінде Канада да, Дания да қызылкеңірдек болып, жаға жыртыспады, тіпті керісінше, бұл жағдайды көңілді күймен өткерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Канада мен Дания билігі 1973 жылдан бері жалғасып келе жатқан Кеннеди бұғазындағы Ханс аралының территориясына қатысты дауды шешті, деп хабарлайды "Известия".

Шағын арал Канаданың Нунавут пен Данияның құрамындағы автономды аумақ - Гренландия өңірлері арасында өзара бөліске түсті.

Ганстың аумақтық нақты координаттары туралы ресми түрде 14 маусымда жарияланатыны хабарланды.

Кішкентай Ганс аралына талас 1973 жылы Дания мен Канада теңіз шекарасы туралы келіссөздер жүргізу кезінде басталды. Салдарынан бұл мәселе созылып, шамамен жарты ғасыр уақытты алды. Аралдың ұзындығы - небары 1290 метр, ені - 1199 метр. Ауданы - 1,3 шаршы шақырым.

Сондай-ақ тараптар ешқашан аралға қатысты ұрсысқан емес, керісінше, тіпті бұл жағдайға осы күнге дейін әзілмен қарап келді.

Мысалы, 1984 жылы даниялықтар аралға өз әскерилерін жіберіп, Дания туын тіккізді, ал діңгектің астында "Дания аралына қош келдіңіздер!» деген жазу жазылған.

Бұған жауап ретінде канадалықтар да ол араға өз туын әкеліп тігіп, астына бір бөтелке канадалық вискиді қалдырып кеткен.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты