Әлем бойынша миллионға жуық адам GTA VI ойынын күніне 10 сағаттан ойнап жүр

Әлем бойынша миллионға жуық адам GTA VI ойынын күніне 10 сағаттан ойнап жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 16:46 Сурет: Rockstar Games
GTA VI ойыны шыққаннан кейінгі бес күн ішінде миллионға жуық ойыншы оған 50 сағаттан астам уақыт жұмсаған. Мұндай көрсеткіштерді Alinea Analytics сараптамалық агенттігі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионат басылымының жазуынша, миллионға жуық адам жаңа GTA ойынын күніне орта есеппен 10 сағаттан ойнап жүр. Олардың арасында Xbox пайдаланушылары PlayStation иелеріне қарағанда көбірек болған.

Әзірлеушілердің мәліметінше, ойынның негізгі сюжеттік желісін аяқтауға 80 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін.

GTA VI ойынының релиздік нұсқасын әлемде алғаш болып Жаңа Зеландиядан шыққан стример BrycexD аяқтаған. Ол бұған 39 сағат 38 минут жұмсаған.

Ал iShowSpeed ойынды толық өтуге 52,5 сағат уақытын арнаған. Бұл көрсеткішке қосымша тапсырмалар емес, тек негізгі сюжеттік науқан кіреді.

Еске салайық, бұған дейін GTA VI ойынына қатысты дүрбелеңнің қазақстандықтарды да шарпығаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: