Астанада "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирі жалауын көтерді

Болашақ ойындары, Астана, халықаралық турнир , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 18:42 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елорда төрінде 50-ден астам елдің үздік командаларының басын қосқан "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирі басталды. Мұнда сегіз ойын түрлері ұсынылған. Соның ішінде Counter-Strike 2, Dota 2 сынды киберспортпен қатар, фиджитал-футбол және баскетбол да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Болашақ ойындары" — бұл дәстүрлі спорт, киберспорт және фиджитал-бағытты бір арнаға тоғыстырған бірегей жаһандық жоба. Әлемнің 50-ден астам елінен жиналған, виртуалды әлемді тербеткен мықтылар Counter-Strike 2, Dota 2, PUBG Mobile, Mobile Legends: Bang Bang, фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-шутер және фиджитал-би (Just Dance) бойынша өзара кіл мықтыны анықтайтын болады.

Доданың жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 18:42Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Дүбірлі цифрлық доданың ашылу салтанатына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттерінің қатысуы турнирдің беделі мен саяси-мәдени салмағын арттыра түсті.

Журналистерге берген сұқбатында Fidgetal International бас директоры Дэниел Меркли "Болашақ ойындарының" басты тұжырымдамасы мен оған деген жаһандық қызығушылықтың сырын түсіндірді:

"Болашақ Ойындары" техноспортты, киберспортты және фиджитал-спортты ұштастырады. Қатысушылар алдымен бейнеойында шеберлік байқасса, кейін тартысты нақты спорт алаңында жалғастырады. Бұл тәсіл арқылы біз уақытының басым бөлігін виртуалды кеңістікте өткізетін жастарды шынайы физикалық белсенділікке қайта баулып жатырмыз".

Оның айтуынша, турнирдің басты ерекшелігі де осында: геймпад ұстап үздік шыққаныңмен, шынайы алаңда есе жіберсең — жеңіс қолдан сусып кетеді. Сондықтан жарыс өте тартысты әрі әсерлі өтуде.

Болашақ ойындары, Астана, халықаралық турнир, киберспорт, Дэниел Меркли, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 18:42

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Меркли өзінің сүйікті дисциплинасы ретінде UFL футбол симуляторын атап өтті. Өйткені виртуалды кезеңдегі нәтиже түпкілікті жеңімпазды алдын ала анықтай алмайды, бар қызық реалити-кезеңде өрбиді. Оның үстіне, бүгінде халықаралық фиджитал-қоғамдастық 115 елді біріктіріп отыр. Әбу-Дабидегі сәтті старттан кейін ұйымдастырушылар Астанадағы ойындарды бұдан да ауқымды деңгейге жеткізуді көздеген.


Дэниел Меркли, Астана, Болашақ ойындары, халықаралық турнир, киберспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 18:42

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

PUBG (ПК-нұсқасы) дисциплинасы бойынша ел намысын жалғыз Diga Sports ұжымы қорғайды. Алматы, Орал, Атырау және Астана қалаларының ойыншыларынан құралған құрама Қазақстан киберспорт федерациясының ашық іріктеуінен суырылып алға шықты. 30-ға жуық команда бақ сынаған тартысты турнирде тек осы жігіттерге жолдама бұйырған.

"Бүкіл елден суырылып шыққан жалғыз команда болғандықтан, жауапкершілік жүгі ауыр. Ел үмітін ақтап, жоғары тұғырдан көрінуге бар күшімізді саламыз", - дейді команда ойыншысы Нұржан Қоянақов.
Нұржан Қоянақов, Астана, Болашақ ойындары, халықаралық турнир, киберспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 18:42

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Команданың тарихы студенттік жылдардан бастау алған. Алматыдағы жергілікті турнирлерде шыңдалған жігіттер бірінен кейін бірі орын алған жеңістен соң кәсіби деңгейге көтеріліп, арнайы киберспорт ұйымынан шақырту алған. Ең қызығы, ойыншылардың көбі киберспортты негізгі жұмыстарымен қатар алып жүр. Меценаттықпен емес, өз еңбектерімен жүрген Нұржанның жеке компьютерлік клубы бар әрі маркетинг саласында қызмет етеді.

"Күндіз жұмыс пен жеке шаруаларымызды бітіреміз де, кешкі сағат тоғыздарға таман жиналып, түнгі екіге дейін жаттығамыз. Сосын ұйқы, таңертең қайтадан жұмыс. Күнделікті ырғағымыз осындай", - дейді ол.

Бойды билеген толқынысты жеңуге бапкер мен табанды жаттығулар көмектеседі. Қоянақовтың айтуынша, басты қарсыластар — Азияның кіл мықты ұжымдары мен еуропалық танымал Virtus.pro және Twisted Minds ұжымдары.

Мүмкіндік қай дисциплиналарда жоғары?

Дәлізде журналистерге берген сұқбатында сарапшылар Қазақстанның киберспорттағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап жатыр. Елде, әсіресе Counter-Strike 2, Dota 2 және PUBG салаларында мықты мектеп қалыптасқан. Отандық киберспортшылар халықаралық кәсіби клубтарда өнер көрсетіп, Азия аймағында көш бастап жүр, кейбірі жеке рейтингінің жоғарылығынан шетелдік гранд-командаларға шақырту алған.

Өйткені бұл дисциплиналардағы табыс — мектеп қабырғасынан басталған көпжылдық дайындық пен мыңдаған сағаттық жаттығудың жемісі. Алыс-жақын шетелдер мойындаған шеберлік дәл осылай шыңдалса керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: