Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді: Астанаға үш президент келеді

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 11:21 Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады", – делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ ашылу салтанатына:

  • Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;
  • Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров;
  • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысатыны хабарланды.

2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада әлем назарын аударатын ауқымды халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" спорттық турнирі өтеді. Осыған байланысты елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшеді.

Турнир бойы полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тәулік бойы қызмет атқарады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екені ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: