Қонаевтағы казинолар бюджетке 25 млрд теңге пайда алып келген: Алматы маңында жаңа ойын аймағы ашылмақ

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, онлайн ставки, онлайн-ставки, ставка, тотализатор, букмекеры, букмекерская контора, букмекерская фирма, игорный оператор, ставки на спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 13:06 Фото: pexels
Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілерінен алты ай ішінде мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жалпы Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.

Ойын бизнесі аймақтың туризміне де оң әсер етіп отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының мәліметінше, өңірдегі казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматтары.

Бұл ретте, қолданыстағы "Ойын бизнесі туралы" заң аясында Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған жаңа ойын аймағын құру жоспарланып отыр.

"Бұл бастама қоғамдық кеңесте қаралып, оң қорытынды алған".Алматы облысы әкімдігі

Әкімдік атап өткендей, жбаны Талғар ауданында орналастыру ұсынысы өңірдің туристік әлеуетімен байланысты.

Аудан Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Сонымен қатар мұнда тау туризмі, сауықтыру және демалыс бағытындағы ірі нысандар шоғырланған.

Бұған дейін Астана мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстері қашан іске қосылатындығы белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: