Кәсіпкерлерге жүргізілген тексеруден кейін бюджетке салық пен төлемдер түрінде 348 млрд теңге түсім түсті
Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 11 айда 18 657 салықтық және кедендік тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 348 млрд теңге есептеліп, оның 234 млрд теңгесі бюджетке түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл тексеру саны 2 274-ке аз және 241 млрд теңгеге аз есептелген.
Есесіне, түсімдер сомасы 117 млрд теңгеге артық шыққан.
Құзырлы ведомство тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылатынын нақтылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript