Шри-Ланкада депутаттар президенттің отставкаға кетуін талап етті

Сурет: Twitter/Economynext
Қазіргі президент Готабая Раджапаксаның қызметінен кетуді талап еткен бірнеше депутаттың үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, Шри-Ланканың премьер-министрі Ранил Викрамасингхе сенбі күні қайтадан өзгеше лекпен бұрқ еткен жаппай наразылықтарға байланысты партия жетекшілерінің шұғыл жиналысын шақырды. Сондай-ақ Викрамасингхе парламент төрағасы Махинда Яп Абеиварденге заң шығарушы органның кезектен тыс отырысын шақыруды сұрады.

9 шілдеде көптеген адам президент резиденциясының алдындағы қоршауды бұзып-жарып өтіп, қақпадан секіріп, аумақты басып алды. Ғимаратта мемлекет басшысы болған жоқ. Демонстранттарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Кем дегенде 33 адам зардап шекті.

Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бері ең үлкен экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқандығы айтылады. Халықтың өмір сүру жағдайының нашарлауына қарсы наразылық сәуір айында басталды. Дағдарыс пандемияға байланысты шетелдік туризмнің қысқаруынан туындады, бұл валюталық резервтердің жетіспеуіне әкеліп соқтырды. Билік ресурстарды қатаң үнемдеуге және импортты азайтуға мәжбүр болды. Сырттан қарыз алуға, экономикалық дағдарыспен күресуге Шри-Ланканың 51 миллиард долларға жеткен қарызы кедергі болып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды