Бұл туралы ол The Washington Post газетіне берген сұқбатында айтты.
Менің президенттік жұмысымның міндеті - елімізді мықты әрі қауіпсіз ету. Біз Ресей агрессиясына қарсы тұрып, Қытайдан асып түсу үшін ең үздік позицияға орнығуымыз керек және ең маңызды өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мықтап жұмыс істеуіміз тиіс. АҚШ президенті Джо Байден
Оның айтуынша, Сауд Арабиясы осындай текетірес нәтижелеріне әсер етуі мүмкін елдердің бірі. Ол Сауд Арабия билігі АҚШ Әкімшілігімен әлемдік нарыққа мұнай жеткізу көлемін арттыру және оның бағасын төмендету үшін бірлесе жұмыс істеп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Джо Байден Сауд Арабиясының көшбасшыларымен кездесу "Американың іргелі құндылықтарын сақтай отырып, ортақ мүдделер мен жауапкершілікке негізделген" стратегиялық серіктестік үшін қажет деп санайды. Кездесу тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салманның қатысуымен өтеді. АҚШ оның оппозициялық журналист Джамал Хашукджидің өліміне қатысы бар деп айыптаған болатын.