РИА Новостидің мәліметінше, Сантуш жүрек жеткіліксіздігі мен өкпеге түскен супер инфекциядан біразға дейін ауырған. Денені кесіп, жасалған тексерудің алдын-ала нәтижелері "табиғи өлімді" көрсетіп отыр. Алайда, қорытынды мәлімет қосымша сараптамалар жүргізілгеннен кейін жария етілетін болады.
Сондай-ақ экс-президенттің отбасы денені жерлеу үшін мүмкіндігінше тезірек отанға қайтаруға тырысады. Айта кетелік, 2019 жылдан бастап Сантуш Барселонада тұрып келді. Испаниядағы сот осы аптада денені өткізіп беру туралы шешім қабылдайды.
Душ Сантуш 8 шілдеде Барселонадағы ауруханада қайтыс болды, ол 79 жаста еді. Ол жүрек ұстамасынан кейін комаға түскені хабарланған. Мәйітті ашу қызының өтініші бойынша жүргізілді. Чизе (Вельвичия) душ Сантуш экс-президенттің бұрынғы әйелі Ану Паулу мен оның жеке дәрігерін әкесін өлтіруге әрекет жасады деп айыптады.