Грекия жеріне аса қауіпті жүгі бар Украина ұшағы құлады

Ұшақ Афины диспетчерлеріне дабыл белгісін берді. Қозғалтқыштарының бірі істен шығып, өртенуіне байланысты ұшақ апаттық жағдайда Кавалаға қонғысы келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілдеге қараған түні Грецияда Ан-12 украиналық ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Украинская правда".

Ұшақ Элефтерополистегі (Кавала) Антифилиппи мен Палеохори ауылдары арасында құлады.

Грек ақпарат құралдарының мәліметінше, бортта сегіз экипаж мүшесі болған, олар 12 тонна қауіпті жүк алып келе жатқан.

Ұшақ Афины диспетчерлеріне дабыл белгісін берді. Қозғалтқыштарының бірі істен шығып, өртенуіне байланысты ұшақ апаттық жағдайда Кавалаға қонғысы келген.

Бірақ көп ұзамай ұшақ радардан жоғалып, Каваладан батысқа қарай 10 миль қашықтықтан табылды.

Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: