Қытай ядролық қаруды бірінші болып қолданбауға уәде берді

Сурет: mod.gov.cn
Қытай ядролық жағынан өзін-өзі қорғау стратегиясын ұстанатынын мәлімдеді, бірақ бұл ел ядролық қару көлемі бойынша басқа мемлекеттермен бәсекеге түспейді және оны бірінші болып қолданбайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігі қарусыздану департаментінің басшысы Фу Цон мәлімдеді, деп жазды ТАСС.

Ол Қытай ұлттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету үшін ядролық қорын ең аз көлемде ұстайтынын және бұл салада саны мен мүмкіндіктері бойынша басқа елдермен бәсекеге түспейтінін баса айтты.

Бұған дейін Қытайдың Вашингтондағы елшісі Цинь Ган АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде америкалық тарап үшін үлкен зардаптарға уәде берген болатын.

Дәл осы күні Қытай аралдың айналасында ауқымды жаттығуларды бастады.

АҚШ
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады