Байден Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы құжаттарға қол қоюға дайын

Сурет: pixabay
3 тамызда АҚШ сенаты НАТО-ның кеңеюіне қатысты қарарды мақұлдады. Қарарды қажетті шекті 67 дауыспен 95 сенатор қолдады. Бір ғана сенатор қарсы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәрсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау туралы қарарды мақұлдаған cенаттың шешімін құптап, альянсты кеңейту үшін қажетті құжаттарға қол қоюға дайын екенін білдірді, деп жазды РИА Новости.

Қосылу туралы хаттамаларға қол қою мүмкіндігін асыға күтудемін әрі Швеция мен Финляндияны, өте қабілетті әскери күштері бар екі күшті демократияны тарихтағы ең ұлы қорғаныс одағының қатарына қарсы аламын. Джо Байден

Америка Құрама Штаттарының президенті сенаттағы дауыс беруді «тарихи жағдай» деп атап, конгрессмендерге осы мәселеге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

АҚШ Швеция мен Финляндияның қауіпсіздігін қолдайды. Біз бірлескен қауіпсіздігімізге төнетін кез келген қауіп-қатерге қарсы бірлесе қырағылық таныта береміз.Джо Байден

Ресей НАТО текетіресуді мақсат етіп отырғанын бірнеше рет атап өтті. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков альянстың одан әрі кеңеюі Еуропаға үлкен қауіпсіздік әкелмейтінін, НАТО агрессивті сипатқа ие екенін айтты.

Сондай-ақ ол Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мүмкіндігін Ресей үшін экзистенциалды қауіп деп санамайтынын атап өтті.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды