Хайнань аралында демалушы 80 мыңнан астам турист еліне қайта алмай қалды

Сурет: pixabay
Хайнань аралында коронавирусқа байланысты енгізілген локдаун кесірінен 80 мыңнан астам турист үйлеріне орала алмай, тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санья қаласында 6 тамыздан бастап локдаун енгізілген. 80 мың туристтің шамамен 32 мыңы қонақ үйлерден шыға алмай қалған. Олар коронавирусқа қарсы ПТР тест тапсырып, жеті күннен кейін нәтижесі жақсы болса, елден кете алады, деп хабарлайды Associated Press.

Осы жағдайға байланысты қаладағы қонақүйлер бағасын 50 пайызға дейін арзандатуға мәжбүр.  

Жергіліктің БАҚ хабарлауынша, 6 тамызда Санья қаласындағы халықаралық әуежайда 333 рейс кейінге қалдырылып, пойыздарға билет сату тоқтатылған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды