Қырғызстан және Тәжікстан ҰҚМК басшылары келіссөз жүргізді

Сурет: depositphotos.com
Камчибек Ташиев пен Саймумин Ятимов Тәжікстан аумағында "Гулистон" шекара өткелі маңында кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар атысты доғару режимін сақтау және шекара маңындағы өңірлер тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша үш тармақтан тұратын хаттамаға қол қойылды:

  • Әскерді шекарадан тұрақты жерге кері шегеру;

  • Шекара сызығында тек шекара отрядтарын қалдыру;

  • Шекара маңындағы түйіткілді мәселелерді келіссөздер арқылы реттеуді жалғастыру.

Сонымен қатар, тәжік тарапы тұтқынға алған қырғыз шекара қызметінің төрт әскери қызметшісін босату туралы келісімге қол жеткізілді.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстар 14 қыркүйекте таңертең басталды. Бұған тараптар бір-бірін айыптады.

16 қыркүйекте Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарада атысты доғару туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

17 қыркүйекте таңертең Қырғызстанның Баткен облысында тағы да оқ атылды, содан кейін аталған өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 19 қыркүйек сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауруханаларға түскендердің жалпы саны 163 адамды құрағанын хабарлады.

Тәжікстан Демократиялық партиясының басшысы Саиджафар Усмонзода 20 қыркүйекті Ұлттық аза тұту күні деп жариялауға шақырды.

БАҚ-тағы әртүрлі мәліметтері бойынша, тәжік тарапынан 35 адам қаза тауып, 35-тен астам адам жарақат алды.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті