29 қыркүйекте сенат отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бұл мәселені екі күнде шешу керек екенін айтты.
Кеше мен әріптесім, Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасарымен сөйлестім. Өйткені шекараның арғы жағында Қазақстан азаматтары мен азық-түлік тиелген жүк көліктері тұр. Бүгін шекара қызметтері өзара сөйлеседі. Олар "жасыл дәлізді" қамтамасыз етуге тырысады. Мұны бүгін, ең кемі ертең жасау керек деп ойлаймын.Серік Жұманғарин
Сонымен қатар журналистер вице-премьерден "Қазақстан шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты шекараларды жабуды жоспарлап отыр ма? Бұл жағдай елдің ұлттық қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?" деп сұрады.
Біздің тауар айналымының 40%-ы Ресейден келеді. Ресей азаматтары - бауырлас халық. Халық қиын жағдайда. Бір кездері, осыдан 80 жыл бұрын аталарымыз майданда бірге болды. Ал енді оларға "шекара жабық, келмеңдер" деп айтамыз ба? Бұдан кейін біз қалай қараймыз? Өзімізді сыйлай аламыз ба? Серік Жұманғарин
Ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ екенін, бұл мәселені үкімет шешіп жатқанын айтты.
Біз азық-түлік көліктерінің дамуын жеделдетіп жатырмыз. Өткен аптада Мәскеуде болып, осы мәселелерді талқыладық. Дүйсенбі күні мен Өзбекстанда, оның алдында Қырғызстанда азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін болдым. Кеше осында Пәкістанның жеміс-жидек пен көкөністерді жеткізу бойынша Сауда министрімен кездестім. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, - деп түйіндеді сөзін премьер-министрдің орынбасары.