Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізеді

Сурет: ortcom.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы ресей-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, келісімнің 1-бабына өзгерістер енгізілді. Онда енді тараптар Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасында атаулары, орналасқан жері және жіктелуі қосымшада көрсетілген көпжақты және екіжақты өткізу пункттерін белгілейді.

Бұл ретте тараптар дипломатиялық арналар арқылы өткізу пункттерінің тізімін келіседі.

Қосымша Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесін қамтиды, олардың ішінде:

Құжат 13 қазанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Кейінгі күндері шекарадағы өткізу бекеттерінде елден кеткісі келетін Ресейден келген көліктер көптеп жиналып қалды. Қазақстан жағдайды ретке келтіру және шиеленісті жеңілдету шараларын қабылдап жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21 қыркүйектен бері елге 98 мың ресейлік келген.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады