БҰҰ-да Ресейден Украинаға өтемақы төлеуге дауыс берілді, Қазақстан қалыс қалды

БҰҰ, Ресей, Украина, қарар, репарация Сурет: pixabay
Украинаға Ресей келтірген шығынды өтейтін халықаралық механизм құру туралы ондаған ел ұсынған қарар жобасы дауысқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

94 мемлекет қолдады, 14 делегация қарсы болды, 73 мемлекет қалыс қалды. Қалыс қалғандардың қатарында Қазақстан да бар.

Сурет: Twitter/UN_News_RU

Құжат авторлары Бас ассамблея мүшелерін Ресейдің халықаралық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы, сондай-ақ ол келтірген залалдың орнын толтыруы тиіс екенін мойындауға шақырады.

Құжат халықаралық механизмді құруды көздейді, барлық мүдделі және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Украина мемлекетіне Ресей Федерациясының халықаралық құқықты бұзған әрекеті салдарынан құжатталған залал, айырылу және зиян айғақтарын тіркеу үшін халықаралық тізілім құруға кеңес берілді.

Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя қарар авторлары Ресейдің тыйым салынған активтерін Киевке қару-жарақ жеткізуді қаржыландыруға және қазірдің өзінде өткізілген қару-жарақ үшін қарыздарды өтеуге пайдаланғысы келетінін айтты.

Небензянің пікірінше, мұндай қарар БҰҰ үшін жүйелі салдарларға айналады.

Кезектен тыс сессия 1950 жылғы "Бейбітшілік үшін бірлік" қарарының негізінде қабылданған Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен өткізілді. Бұл процедура Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің кез келгенінің ветосын айналып өтуге мүмкіндік береді. Бас Ассамблеяның 11-арнайы сессиясы мүше елдердің өтініші бойынша биыл бірнеше рет жұмыс істеді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген мәселені бейбіт жолмен шешудің баламасы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді, сондай-ақ тараптарды бейбітшілік орнатуға бағытталған ымыраға келуге шақыруды жалғастырып жатыр.

Қазақстан
Ресей
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көкшетауда бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Балабақша орнына автосервис: Ақтөбе маңындағы тұрғындар неге наразы болып отыр

Жириновскийдің кеңестік шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды