Сауд Арабиясында сел жүріп, Джидда қаласы көлге айналды

Сурет: Twitter/@GhanemAlmasarir
Сауд Арабиясының батысында қатты нөсер жаңбыр жауып, Джидда қаласын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жаппай жариялап жатыр. Видеода көшеде көліктердің су бетінде қалқып жүргенін көруге болады. Кейбіреуі ытқып, су құрсауынан шығуға тырысқанымен қатты ағын оларды ағызып әкетіп жатыр. Жүргізушілердің ағын судан құрғақ жерге жүзіп баруға мәжбүр болған фактілері де кездеседі.

"Рен ТВ " нақтылап өткендей, қалада мектептер мен университеттер жұмысын тоқтатты, король Абдул-Азиз халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді