Ташкентте газ құю бекеттері жабылды

Өзбекстан астанасының билігі барлық қорды көпқабатты тұрғын үйлерді жылытуға бағыттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкенттің бірқатар ауданында күннің күрт суытуына байланысты газ дұрыс берілмей жатыр. Ел астанасының әкімдігі қор таусылып бара жатқанын мәлімдеді, деп жазды Gazeta.uz.

Қоғамдық көліктен басқа барлық көліктерге газ құю бекеттері уақытша жабылды.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ташкенттің кейбір аудандарында газ бен жылу беруде іркіліс болып жатыр.

"Коммуналдық қызметтер қолда бар газ қорын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысқанымен, ресурстар таусылып жатыр". Ташкент қаласы әкімдігі

Мүмкіндігінше көп үйді газбен және жылумен қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін көліктерден басқа барлық көліктерге газ құю қызметі уақытша тоқтатылды.

Өзбекстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: