Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 22:59 Фото: unsplash
Риддерде кәмелетке толмаған екі қыздың қатысуымен қайғылы оқиға болды. Спорттық мотоцикл тізгіндеген 13 жастағы қыз жолды көлденеңінен керіп қойған арқанға соғылып, оқиға орнында қаза тапты. Оның 15 жастағы жолаушы құрбысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы жол-көлік оқиғасы 23 тамызда сағат 17:30 шамасында жеке секторда, Вильгельм Пик және Грибоедов көшелерінің қиылысында болған.

Қаза тапқан оқушы эндуро мотоциклін өзі жүргізіп, құрбысын мінгізіп алған.

"Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі қыздың жүріп келе жатқан жолына көлденеңінен трос немесе арқан тартылған. Оны жергілікті тұрғын керген. Осы жағдай қайғылы жол-көлік оқиғасына себеп болған", – делінген хабарламада.

Жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім үйдің маңындағы бағанаға байланған жылқының арқанына соғылу салдарынан өлімге әкеп соққан жарақат алған. Көлік құралын басқарған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал 15 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – деді 24 тамызда 2026 жылы Zakon.kz тілшісіне ПД баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған қыздың абайсызда қаза болу фактісі бойынша Риддер қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

"Жануардың иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық істің тергелу барысы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығының бақылауында", – деп толықтырды полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: