Астанада әйел 15-қабаттан құлап, бала отырған арбаның үстіне түсті: екеуі де қаза тапты

Новостройка, новостройки, новые дома, новый дом, жилые комплексы, ЖК, высотные дома, многоэтажные дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2026 16:46 Фото: Zakon.kz
Қайғылы оқиға бүгін, 12 қыркүйекте, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. 27 жастағы әйел 15-қабаттан құлап, қаза тапты. Ол екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Салдарынан сәби де көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтердің терезесінен секірген. Құлаған кезде ол екі жасар бала отырған балалар арбасына түскен.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел мен бала қаза тапты.

Оқиғаның сәттерін кездейсоқ куәгерлер видеоға түсіріп алған.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді Астана полиция департаменті.

Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірше хабарланған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: