Алматыда 20 жастағы қыз 10-қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы қыз оныншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол құлаған кезде бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бойжеткенді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға алдында қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript