Алматыда тоғызыншы қабаттан құлаған қыз аман қалды

Алматыда тоғызыншы қабаттан құлаған қыз аман қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 17:15 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 18 жастағы қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы өзін-өзі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Науқасты жедел медициналық жәрдем бригадасы Жедел шұғыл көмек көрсету қалалық ауруханасына жеткізді.

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауруханаға түскеннен кейін оған шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.


"Қазір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде, онда реанимациялық және қарсы шоктық шаралардың толық кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Науқастың жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: