Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2026 12:13 Фото: primeminister.kz
Жақында Көкшетауда автожуу орнында болған қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы жұмысшы қаза тауып, оның кәмелетке толмаған әріптесі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.TV мәліметінше, оқиға автожуу орындарының бірінің аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар металл конструкцияны бөлшектеу кезінде абайсызда электр беру желісіне тиіп кеткен.

Күшті электр тогының соққысынан 18 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған, ал оның жанындағы жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасөспірімнің өміріне қазіргі уақытта қауіп жоқ екенін хабарлады. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып, толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: