Таразда көлік тізгіндеген 16 жасар жүргізуші патрульден қашпақ болып, жол апатына ұшырады - қаза тапқандар бар

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 09:15 Фото: Zakon.kz
Таразда ескертуді елемей патрульді полициядан қашқан 16 жастағы жүргізуші жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Оқиға орнында кәмелетке толмаған жолаушы қаза болып, бірі жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, қайғылы оқиға түнгі үш шамасында қаланың орталық көшесінде болған. 15 жастағы оқушы әкесінің көлігін рұқсатсыз тізгіндеп, қатарластарымен қыдырып жүрген. Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған полицейлер оның тоқтамай, қатты жылдамдықпен қашқанын айтады. Түнгі қуғын кезінде бозбала рөлге ие бола алмай, электр бағанына соқтығысқан. Жол апатынан 16 жастағы Жамбыл политехникалық колледжінің студенті оқиға орнында қаза болды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Ал, аяғы сынып, басынан ауыр соққы алған тағы екі жасөспірім дәрігерлердің бақылауында.

"Балалар ауруханасына 16 жастағы екі науқас жеткізілді. Бірінші науқаста жеңіл жарақаттар анықталып, тұрғылықты жеріне амбулаторлық бақылауға жіберілді. Екінші науқастың сирағы сынғаны анықталып, ота жасалып, қазір жағдайы бірқалыпты. Науқас емін алып жатыр, жағдайы тұрақты". Демеу Әліпбаев, Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының травматолог дәрігері

Бұған дейін Атырауда автокөліктің қарсы бағытқа шығу дерегі дрон арқылы анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: