Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Счетная машина, счетная машина с тенге, зарплата, зарплаты, заработная плата, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 23:11 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы Астрахан ауданында тұратын ер адам автокөлік алаяқтығының құрбаны болды. Ол шетелден кроссовер алып келуге уәде берген жерлесіне сеніп, қомақты қаржысынан айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиғаға қатысты 24 тамызда 2026 жылы өңірдің полиция департаменті түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың қазанында басталған.

Сол кезде ауылдасы оған Грузиядан Toyota Highlander көлігін тиімді бағамен сатып алуды ұсынған. Танысына сенген ер адам көлікті сатып алып, жеткізу үшін оған 3,1 млн теңге берген.

"Алайда уәде етілген автокөлік сатып алынбаған, ал көлік алуға берген ақшасын иесі қайтара алмаған", – деді ведомствоның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тәртіп сақшылары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: