Астана тұрғыны көлікті онлайн сатып алмақ болып, 16 млн теңгесінен айырылды

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 15:04 Фото: pexels
Астана қаласының тұрғыны шетелден автокөлік жеткіземіз деген жалған делдалдарға сеніп, ірі көлемдегі қаржысынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 16 ақпанда Астана қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, екі күдікті өздерін шетелден көлік жеткізетін делдал ретінде таныстырып, әйелді автокөліктің құнын және оған қатысты шығындарды төлеу сылтауымен шамамен 16 млн теңге аударуға көндірген.

Алаяқтар хабар алмасуды ойдан шығарылған мәліметтерді қолдана отырып, мессенджер арқылы жүзеге асырған.

Нәтижесінде жәбірленуші автокөлікті де, ақшаны да ала алмай қалған.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 5 жыл және 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы – алаяқтық үшін мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне назар аударады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: