Алаяқтарға сенген кәсіпкер 41 млн теңгесінен айырылды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 12:04 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақмола облысында екі азамат ірі көлемде қаржыдан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 3 қазан 2025 жылы бір тұрғын интернеттегі хабарландыру арқылы бейтаныс адамға сеніп, жылқы мен қосалқы бөлшектер алу үшін 1,1 млн теңге аударған. Алайда уәде етілген тауар қолына тимеді.

Ал тағы бір жәбірленуші – кәсіпкер жемшөпке арналған күкірт жеткіземін деген алаяққа сеніп, 41 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Полиция азаматтарға ірі мәмілелер кезінде барлығын жазбаша рәсімдеуді, шарттарды алдын ала тексеруді және тек ресми сайттар мен құжаттарды пайдалануды ескертеді.

"Үлкен сомадағы келісімдерде аса сақ болыңыздар. Сатушылар мен жеткізушілерді мұқият тексеріңіздер. Ақшаны ешқашан тек "сенімге" немесе ауызша уәде бойынша аудармаңыздар – бұл алаяқтардың басты құралы", – дейді тәртіп сақшылары.

Сонымен қатар, облыс тұрғыны тағы бір жағдайда тұрғын үй үшін 1,7 млн теңге төлеп, ақыры баспанасыз қалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: