Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп 31 млн теңгесінен айырылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 23:59 Сурет: polisia.kz
Астана тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяққа 31 млн теңге берген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда тұратын қыз астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен алып беруге уәде еткен. Бірнеше ай бойы ол тауарды үнемі жеткізіп отырған. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде ол әртүрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен тауар ұсынатын көптеген топтар құрған. Ыдыс-аяқтан бастап iPhone телефондарына дейін жеткіземін деп уәде берген. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін, әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.

Сарыарқа ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтқан. Күдікті алдын-ала төлемді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбей, әйел бірден алаяққа 31 млн теңге аударып жіберген. Бір айдан кейін тауарын ала алмаған жәбірленуші полицияға жүгінді.

Қазіргі уақытта полицияға алаяққа алданған үш кәсіпкер арызбен жүгінген. Осыған ұқсас схема бойынша 50-ге жуық азамат алданған, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында Екібастұздың 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, басқалардың ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданының полиция басқармасына, Әуезов көшесі, 40 мекенжайы бойынша жүгінулеріңізді немесе 8 (7172) 71-66-76, 71-66-46, +7 700 543 0101 немесе "102" телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді полицейлер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: