Көкшетауда есірткі таратқан астана тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды

5 маусымда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін Астананың 36 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері астаналық тұрғынның Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысатыны туралы ақпарат алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұзақ әзірлеу және өткізу барысында ақпарат өз растауын тапты және күдіктіні Көшетау аумағында ұстады.
"2022 жылғы 15 желтоқсанда полицейлер күдіктіні ұстады. Нәтижесінде 480 грамнан астам а-PVP және 363 грамм эфедрон тәркіленді. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін ішінара мойындады, есірткі тасымалдағанын, оған қауіп төніп тұрғанын және тыйым салынған заттарды таратуға мәжбүр болғанын айтты, - деп хабарлады polisia.kz.
Алайда есірткі сатушының барлық дәлелі жоққа шығарылды және кінәсі толық дәлелденді.
Сот үкімімен 36 жастағы сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша кінәлі деп танылды.
Орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.