Моңғолиядағы жаппай наразылық өтті

Сурет: Twitter/aviapro
Шерушілер үкімет пен президенттен "12,9 миллиард доллардың көмірін ұрлаған ұрылардың аты-жөнін жариялауды" талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 желтоқсанда Моңғолия астанасы Ұланбатырда үкіметтің әрекетіне наразылардың жаппай шеруі өтті. Наразылық акциясына көмір ұрлығына қатысты көптеген саясаткердің қатысуымен болған жанжал себеп болды, деп жазды Central Asia Media.

Моңғолиядан экспортталатын көмірдің көлемі Қытай алатын көлемнен басқаша екені хабарланды. Басылымның мәліметінше, Қытай тарапы "көмірді ұрлауға қатысы бар шенеуніктерді өлім жазасына кесті", сонымен қатар "осы іске қатысы бар моңғол саясаткерлерінің аты-жөнін премьер-министр Оюун-Эрден Лувсаннамсрайға жіберген".

Алайда Қытайдың бірқатар мемлекеттік және жеке басылымдарында, соның ішінде Батыс елдерінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарында "ату жазасына кесу" туралы ақпарат жоқ.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды