Иранның стратегиялық нысандарында жарылыс болды

Cурет: әлеуметтік желілердегі видеоның скрині
29 қаңтарға қараған түні Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ИРНА агенттігі Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында Шахид-Салими қаласында мотор майын өндіретін ірі зауыт өртенгенін жазды.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Исфаханда оқ-дәрі шығаратын әскери зауытқа дрондармен шабуыл жасалған.

Иран батысында Дизфуль қаласындағы авиабазада да жарылыс болғаны, елдің батысындағы Хамадан және солтүстіктегі Решт қаласында да жарылыс пен өрт болғаны хабарланды.

Тегеранда да жарылыс естілген. Жергілікті тұрғындар үкімет ғимараттарына шабуыл жасалғанын айтқан. Куәгерлер Тегеран әуесіне ұшақтар көтерілгенін айтты.

Әзірше қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

Иран қорғаныс министрлігі Исфаханда оқ-дәрі зауытына дронмен шабуыл жасалғанын растаған.

"28 қаңтарда сағат 23:30 шамасында қорғаныс министрлігі орталықтарының біріне дронмен сәтсіз шабуыл жасалды. Біреуін әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсірді, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп, жарылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Иран билігі шабуыл жасаған дрондардың қай елге тиесілі екенін айтпаған.

Шілдеде Иран "Исфахандағы әскери кешенді жармақ болды" деген күдікпен бір топ адамды ұстағанын хабарлаған. Оларға Израиль мүддесіне қызмет етті деген айып тағылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін