Армения мен Әзербайжан Гаага сотына шағымданды

Сурет: freepik
Армения Әзербайжаннан Таулы Қарабақтағы дәлізді ашуды талап ету үшін БҰҰ-ның халықаралық сотына жүгінді. Әзербайжан қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Армения ел мен Таулы Қарабақты байланыстыратын жалғыз жол – Лачин дәлізінің ашылуына қол жеткізу үшін Гаага сотына шағымданды, деп жазды DW.

"Медициналық қызметке қолжетімділіктің жоқтығынан қазірдің өзінде бір адам қайтыс болды, басқа дамдардың да тағдыры осындай болуы мүмкін. Дүкен сөрелері бос, тұрғындарға азық-түлік жетпейді. Сауда мен бизнес тоқтап тұр, газ бен электр қуаты тұрақты түрде өшіріледі", – делінген Армения өкілі Егише Киракосянның 30 қаңтардағы мәлімдемесінде.

Әзербайжан өз кезегінде Халықаралық сотқа қарсы шағым түсірді. Баку Ереванды қару-жарақ пен миналарды Лачин дәлізі арқылы жеткізеді деп айыптап отыр. Сот Әзербайжанның арызын бөлек рәсім аясында қарайды.


Армения
Әзірбайжан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды