Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға көмекке аттанды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке құрам ұшаққа отырды, құтқару жабдықтарын жүктеу аяқталды, деп жазды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасы.



2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, екі елде қаза тапқандар саны 7800 адамнан асты.

7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының бірінші легі Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы тобымен Түркияға аттанған ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев елдегі жағдай қиын екенін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір бортын жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету Түркияға аттандыруды тапсырды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?