Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жеке концерттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударатынын мәлімдеді.
8 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты.
2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, екі елде қаза тапқандар саны 7800 адамнан асты.
Бөлісу
0
Толық оқу