Біраз ел бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартып жатыр

Сурет: Instagram/aiba_official
Германия құрамасы 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Германия бокс федерациясының басшылығы оның себебі ретінде бойкотты емес, 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеуге дайындықты атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Германия бокс қауымдастығының спорт директоры Михаэль Мюллердің айтуынша, неміс боксшылары алдағы әлем чемпионатына бармайды. Бұл туралы Sportschau жазды. Қатыспау себебі ресейлік және беларусь спортшыларының өз ұлтының туы астында өтетін турнирге қатысуына емес, Германия құрамасының 2024 жылы өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысуға ұмтылуымен байланысты.

Бұған дейін бойкотқа байланысты АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Польша, Ирландия, Канада, Швейцария, Чехия және Швеция құрамалары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан еді.

2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-31 наурыз аралығында Нью-Делиде (Үндістан), ал ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты