Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында бесінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 94,87 ұпай еншілеп, 12 қатысушының арасында бесінші орынға тұрақтады.
Жапония өкілі Као Миура 102,90 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды оның отандасы Шун Сато (101,97) иеленсе, бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript