Түркияда президент сайлауы кейінге қалдырылмайтын болды

Сурет: akorda.kz
Түркия президенті Тайип Ердоған 14 мамырда елде президенттік және парламенттік сайлау өтетінін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия президенті парламентте сөйлеген сөзінде сайлау өтетін күнді нақтылады, деп жазды ТАСС.

"14 мамырда біздің халық талап етілетін міндетін орындайды – сайлауда дауыс береді". Тайип Ердоған

Бұған дейін елдегі жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау мерзімі өзгеруі мүмкін екені айтылған еді.

Түркияда 6 ақпанда болған табиғи апат 14 миллион түрік азаматына тікелей әсер етті.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 45 089-ға жетті.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. 27 ақпанда Түркияда  магнитудасы 5,6 болған тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл жолы қирағалы тұрған 29 ғимарат құлады. Дүйсенбі күні кешке жараланғандар саны 110-ға жетті, бір адам қайтыс болды. Үйінді астынан 32 адам құтқарылды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді