Мишель Йео желіде "Оскармен" түскен суретін жариялады

Сурет: Instagram/michelleyeoh_official
Малайзиялық актриса Мишель Йео 13 наурыз күні Instagram парақшасында "Оскар" сыйлығын ұстап түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Суретте "Оскар" иегерінің жанынан күйеуін көруге болады.


Бұл сыйлық актрисаға "Үздік әйел рөлі" аталымы бойынша "Бәрі барлық жерде және бірден" фильмінде сомдаған рөлі үшін берілді.

Айта кетерлігі, "Оскар" сыйлығы тағайындалғалы бері өзін азиялық әйелмін деп санайтын бірде-бір актриса бұл номинацияға ие болмаған.

Мишель Йео Чу-Кхенг 1962 жылы 6 тамызда Малайзияның Перак штатының астанасы Ипох қаласында этникалық қытай отбасында дүниеге келген. Йео өзінің кино мансабын экшн және жекпе-жек өнері туралы фильмдерде ойнаудан бастады. 2004 жылы ол Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) президенті Жан Тодтқа тұрмысқа шықты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда