Димашқа Мексикада Мұхаммед Әли мен Тайсон иеленген белбеу берілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 19:52 Фото: zakon.kz
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге 19 қарашада Мехикода Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуі берілді. Бұл марапат оның халықаралық жетістіктері мен елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапатты WBC өкілдері, сондай-ақ ұйымның Қазақстандағы өкілі Әлихан Жарылғапов тапсырды.

Ұйымның әйгілі жасыл белбеуін бұған дейін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Геннадий Головкин сияқты әлемдік бокс жұлдыздары иеленген. Сонымен қатар WBC бұл марапатты спорттан тыс салада да ерекше жетістікке жеткен тұлғаларға берген. Олардың қатарында Нельсон Мандела бар.

WBC өкілдері Димашқа белбеу табыстау туралы бастаманы ұйым президенті Маурисио Сулейман көтергенін айтты. Денсаулығына байланысты ол салтанатты рәсімге қатыса алмаған.

Ұйым өкілдерінің пікірінше, Димаш әлемдік музыкадағы орны мен адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеуі арқылы бұл марапатқа лайық деп танылған.

Кездесу барысында әншінің командасы мен WBC өкілдері спорт пен өнердің адамдарды біріктірудегі рөлін де талқылады. Олар бокс пен музыканың ортақ құндылығы – халықтар арасындағы құрмет пен татулықты нығайту екенін атап өтті.

Сондай-ақ әңгіме барысында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жетістіктері мен Димаштың БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымымен байланысы сөз болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: